Дзюдошылар Олимпиада алдындағы соңғы дайындығын пысықтап жатыр olympic.kz

Дзюдошылар Олимпиадаға қызу дайындалып жатыр

Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары қазіргі уақытта Алматы облысында Олимпиада қарсаңындағы соңғы дайындықтарын пысықтап жатыр. Бұл туралы құраманың бас бапкері Нұрбол Сүлейменов мәлімдеді, деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі.

«Қазақстан ұлттық құрама командасы Париж Олимпиадасы алдындағы соңғы дайындығын пысықтап жатыр. Қазіргі таңда құрама Испаниядан елге аман-есен оралып, Алматы облысындағы Олимпиадаға даярлау орталығында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.

Жаттығу жиыны 17 шілдеге дейіін жалғасады. Ұлттық құрама жазғы Олимпиада ойындарына осы жерден аттанады», – деді Қазақстан ерлер ұлттық құрамасының бас бапкері Нұрбол Сүлейменов.

Айта кетейік, Париж Олимпиадасында дзюдодан ел намысын ерлер арасында Елдос Сметов, Ғұсман Қырғызбаев, Данияр Шамшаев, Абылайхан Жұбаназар және Нұрлыхан Шархан қорғайды.

    Көп оқылды: