Англия соңғы минуттарда жеңісті жұлып алды OZAN KOSE/AFP via Getty Images

Англия Еуро-2024 додасының финалына шықты

Дортмунд қаласында өткен жартылай финалдық матчта Гарет Саутгейттің шәкірттері Нидерланд командасымен кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

Нидерланд құрамасы бірінші болып алға шықты. Ойынның 7-минутында жартылай қорғаушы Хави Симонс қақпаның жоғарғы сол жақ бұрышына сенімді соққы жасап, гол соқты.

Бірақ Нидерланд футболшыларының қуанышы ұзаққа созылмады. Көп ұзамай ағылшын шабуылшысы Харри Кейн ойынның 18-минутында пенальтиді мүлтіксіз орындап, есепті теңестірді.

Ағылшындар жеңіс голын қосымша уақытта соқты. Матчтың 91-минутында Олли Уоткин қақпаның төменгі бұрышына дәл соққы жасап, жеңісті жұлып алды.

Осылайша, ағылшындар Еуро-2024 додасының финалына шықты. Олар ақтық сында Испаниямен кездеседі. Финалдық ойын осы жексенбіде, 14 шілдеде болады.