Хабиб UFC-дегі мансабын 2020 жылы аяқтаған
UFC ұйымының дағыстандық жекпе-жек шебері Умар Нурмагомедов (18-0) өзінің ағасы, бұрынғы чемпион Хабиб Нурмагомедовтің көлеңкесінде қалып қойғаны жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
Бірде-бір рет жеңіліп көрмеген Умар Нурмагомедво көрермендерге оның қарапайым жеңістері жеткіліксіз екенін айтады, себебі оның ағасы Хабиб әлдеқайда әсерлі өнер көрсеткен.
"Хабиб бәрін талқандайтын еді... Адамдар Нурмагомедов деген фамилияны естігенде, дәл сондай жекпе-жек күтеді. Біз жеңіске жеткенде, олар: "Ә, ол жай ғана жеңді, кәдімгі спортшы сияқты" деп ойлайды," – деп мәлімдеді Умар Pound 4 Pound подкастында.
28 жастағы Умар Нурмагомедов UFC-дің жеңіл салмақ дәрежесінің рейтингінде екінші орында тұр. Оның соңғы жекпе-жегі биыл тамыз айының басында өтіп, Умар америкалық Кори Сэндхагенді төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңді.
Умардың ағасы, 36 жастағы Хабиб Нурмагомедов – UFC-дің аңызға айналған жекпе-жек шебері. Ол 29 кездесуде жеңіске жетіп, UFC чемпионы атанды. 2020 жылы Хабиб карьерасын аяқтаған.
-
9 қазан, 2024
Спортшы Айша Уәлишанның құлдықта адам ұстағаны рас па?