Тайнан мен Игита франциялықтарды сынға алды
Португалияның «Спортинг» командасында ойнайтын қазақстандық футзалшы Тайнан Франция мен Иран арасындағы әлем чемпионатының үшінші турында өткен матчтың (1:4) нәтижесіне өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
«Қалайша ұялмайсыңдар?! Бұл қалыпты жағдай ма? Ал мен Қазақстан үшін ойнай алмаймын, себебі онда тек 2 жыл ғана тұрдым», – деп жазды Тайнан әлеуметтік желідегі парақшасында.
Сондай-ақ бұл матч туралы Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Лео Игита да пікір білдіріп, аталған матчты сынады.
Еске сала кетейік, сол матчтың жеңімпазы Мароккомен кездесуге шықты, ал 1/8 финалдағы жеңістен кейін Иранды келесі кезеңде Бразилия мен Коста-Рика жұбының жеңімпазы күтіп тұр. Ал екінші орын алған Франция Таиландпен ойнап, келесі кезеңде Парагвай мен Ауғанстан арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.
Сонымен қатар, көптеген БАҚ өкілдері мен футзалшылар француз ойыншыларының өз қақпасына гол жіберген сәттерін қатты сынға алды.
-
27 қыркүйек, 2024
Қазақтардан жеңілген Роналдудың жерлестері жылап қайтты (видео)
-
27 қыркүйек, 2024
"Бұл Өзбекстан мен Бразилияның жеңісі": бас бапкер ерекше пікір білдірді
-
27 қыркүйек, 2024
Геннадий Головкин бас хатшысын тағайындады: ол кім? (фото)