Елордалық хоккей клубы өз бапкерімен қош айтысты
Елордалық «Барыс» хоккей клубы 48 жастағы бас бапкер Дэвид Немировскимен келісімшартын тоқтатуға шешім қабылдады, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
«Бүгін таңертең «Барыс» Немировскиді жұмыстан шығарды. Әзірге бас бапкердің міндетін Евгений Королев атқаратын болады», – деп жазды «Роман с хоккеем» Telegram арнасы.
Қазіргі маусымда КХЛ аясында «Барыс» Дэвид Немировскидің басшылығымен жеті матч өткізіп, тек бір ғана жеңіске қол жеткізген еді.
-
14 қараша, 2024
Трамптың саяси триумфы: жаңа үкіметтің жоспары қандай?