Қазақстан Еуропа чемпионатын өткізуге мүмкіндік алды
Футзал сарапшысы Славен Стоилов Қазақстанның 2025 жылы 19 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы футзалдан Еуропа чемпионатын өткізу мүмкіндіктерін саралады, деп Dopmedia.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
– Футзалдан жастар арасындағы Еуропа чемпионатын өткізуге қанша ел үміткер?
– Қорытынды өтінімде 4 ел қалды. Олар: Италия, Литва, Қазақстан және Молдова.
– Қазақстанның басты артықшылығы неде?
– Қаржылық жағдайында. УЕФА Қазақстанның бұл турнирге өзге үміткерлерден әлдеқайда көп қаражат сала алатынын түсінеді (күліп). Италия қазір дағдарыста, ал Литва мен Молдова бұл мәселеде бәсекелесе алмайды.
– Сіздің ойыңызша, турнирді өткізу құқығын кім жеңеді?
– Меніңше, УЕФА футзал аса танымал емес елдерге басымдық беруді жалғастырады, сондықтан Италияның мүмкіндігі аз. Литвада жақында әлем чемпионаты өтті, сондықтан олардың да мүмкіндігі төмен. Менің таңдауым Молдова немесе Қазақстанға түседі. Молдова футзалдың кіші елдерге насихатталу стратегиясының арқасында жеңіске жетуі мүмкін, дәл Арменияның күтпеген жерден Чемпиондар лигасының финалын өткізу құқығын алғаны секілді. Ал Қазақстан дамыған инфрақұрылымы мен қаржылық мүмкіндіктері жағынан басымдыққа ие.
Еске сала кетсек, өткен жылы турнир Хорватияда өтті, ал финалда Португалияның жасөспірімдер құрамасы Испанияны жеңіп, чемпион атанған болатын.
-
9 қазан, 2024
Спортшы Айша Уәлишанның құлдықта адам ұстағаны рас па?