Оның айтуынша, олар төрешілердің назарын аударуға тырысады
Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев өзбек боксының соңғы жылдардағы халықаралық жарыстардағы үстемдігін «Важная тема LIVE» бағдарламасының эфирінде талқылады, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
«Біз әрқашан бір-біріміздің турнирлерімізге барып жүрдік. Өзбекстан құрамасының боксшылары соңғы он жыл ішінде үлкен құраммен белсенді түрде келіп жүрді. Олар біздің боксшылармен жұдырықтасып, тәжірибе алмасып, шеберліктерін жетілдірді. Өзбек боксы бұрыннан мықты болатын, бірақ соңғы кездері ол айтарлықтай өзгерді. 2012 жылдан кейін бокс олардың елінде танымал спорт түріне айналды. Біздің бокс техникаға негізделген. Біз техникалық бокстың арқасында жеңіске жете аламыз, мен бұған сенімдімін. Менің ойымша, бұл агрессивті бокстан жақсы. Бірақ қазіргі уақытта агрессивті, белсенді бокс жоғары бағаланады. Бапкерлер де төрешілердің назарын аударуды үйретеді. Төрешілердің көңілінен шығуды білу де маңызды. Бірақ, егер сен қарсыластан әлдеқайда мықты болсаң, төрешілер де сені қолдайды.
Өзбек боксы жоғары деңгейге көтерілді – олардың талантты, мықты боксшылары бар. Бұл спорттың Өзбекстанда танымалдылығының артуымен байланысты. Қазір олардың қаншама жақсы боксшылары бар. Бізде де әр салмақ дәрежесінде мықты боксшылар бар. Мәселе – дайындықта, жігіттердің толық күш-жігерін сарқа жұмсауында. Сонымен қатар, қазіргі боксшылардың өз талаптары өзгерген. Олар қазір қаржылық жағына да көбірек назар аударады», – деді Серік Сапиев.
-
9 қазан, 2024
Спортшы Айша Уәлишанның құлдықта адам ұстағаны рас па?