Черчесовтің Холандты тоқтататын қаруы қандай болды? Robbie Jay Barratt / Getty Images. Суретте: Эрлинг Холанд

Тапанша кезесең де тоқтамайтын Холандты немен тоқтатты?

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов әлем футболының жұлдызы Эрлинг Холандқа қатысты айтқан сөздерін түсіндірді, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

"Маған жақында сұрақ қойылды, бірақ әлі күнге дейін ешкім менің жауабымды түсінбеді. Енді түсіндірейін. Маған: "Гвардиола Холандты тіпті тапаншамен де тоқтату мүмкін емес деп айтыпты" деді. Ал мен: "Гвардиола – ұлы бапкер. Холандқа мұндай қару әсер етпейді деп айтқаны үшін рақмет. Демек, біз уақытты босқа өткізбейміз, бізде басқа қару бар – АКМ. Барлығы сол кезде автомат Калашниковты ойлады, бірақ бізде бұл қару қорғаушыларымыздың есімдерімен аталады: Әліп, Қасым, Марочкин. АКМ – бұл Холандты тоқтататын үш орталық қорғаушы. Міне, мен өз жауабымның мағынасын ашып отырмын. Кейде журналистер бапкерлердің айтқандарын түсінбейді", – деді Станислав Черчесов.