«Ақтөбе» «Сараевоны» сан соқтыра ала ма? fc-aktobe.kz

«Ақтөбе» – «Сараевоны» матчын қайдан көруге болады?

Бүгін, 11 шілдеде «Ақтөбе» мен босниялық «Сараево» командалары арасында Конференция лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясындағы алғашқы ойын өтеді. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

«Ақтөбе» – «Сараево» матчының тікелей көрсетілімі бүгін сағат 20:00-де басталады. Ойынды Qazsport телеарнасынан тамашалауға болады.

Осы маусымдағы ішкі чемпионатта «Ақтөбе» 22 ұпаймен турнир кестесінде екінші орынға жайғасқан. Турнир кестесінің көш басында тұрған «Ордабасыдан» 3 ұпай артта қалып келеді. Ал ел біріншілігінің 12-турында «Ақтөбе» клубы «Тобылға» 3:4 есебімен есе жіберіп қойған болатын.

2023/2024 жылғы маусымда «Ақтөбе» Конференция лигасында өнер көрсетті. Екінші іріктеу кезеңінде «Актобе» Кутаисидің «Торпедо» клубын өз алаңында 1:2, сырт алаңда 4:1 есебімен жеңіске жеткен, бірақ румыниялық «Сепси» командасынан жалпы есепте 1:2 есебімен жеңіліс тапқан.