Ол алдағы жекпе-жектен 350 мың доллар еншілейді
Шетелдік дереккөздердің мәліметі бойынша, WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының (15-0, 10 КО) жаңазеландиялық Андрей Михайловичке қарсы жекпе-жегі үшін алатын гонорар сомасы белгілі болды. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі Sporty Salaries сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Жәнібек Әлімханұлына бұл жекпе-жек үшін 350 мың доллар гонорар беріледі, ал Михайлович 200 мың доллар алады. Сонымен қатар, қорытынды-бонус төлемдер әлдеқайда көп болуы мүмкін, өйткені боксшыларға демеушілер мен промоутерлердің бонустары да берілетінін ескеруіміз қажет.
Естеріңізге сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы – Андрей Михайлович арасындағы жекпе-жек 14 шілдеде Лас-Вегаста өтеді.