Месси мансабын АҚШ-та аяқтамайды: ол өзіне жаңа клуб тапты CHRIS ARJOON/AFP via Getty Images. Суретте: Лионель Месси

Шетелдік БАҚ-тың жазуынша, ол АҚШ-та қалмайды

Әлем футболының жұлдызы Лионель Месси мансабын қазір өзі доп теуіп жүрген "Интер Майами" клубында аяқтағысы келмейді, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

Лионель Месси америкалық "Интер Майами" клубымен келісімшарты аяқталғаннан кейін Аргентинаға барып бір маусым өнер көрсетуді жоспарлап отыр.

"37 жастағы шабуылшы "Интер Майамиде" мансабын аяқтауды жоспарламайды, ол 2025 жылы келісімшарты біткеннен кейінгі келесі қадамын жоспарлап қойған. Месси мансабын аргентиналық "Ньюэллс Олд Бойз" клубында аяқтағысы келеді", - деп жазды El National басылымы.

"Интер Майами" клубы мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси "Ньюэллс Олд Бойз" клубының түлегі. 2000 жылы Месси клубтың академиясынан кетіп, испаниялық "Барселонаға" ауысқан болатын.