Черчесовтің не ойлағаны бар: Қазақстан бастапқы құрамын жариялады kff.kz. Суретте: футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы

Бастапқы құрамда өзгерістер бар

Бүгін, 9 қыркүйекте Ұлттар лигасының екінші туры аясында Словения мен Қазақстан құрамалары ойыншылардың бастапқы тізімін жариялады, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

Словения құрамасы: Ян Облак, Йосип Брекало, Ваня Дркушич, Яка Бийол, Грегор Янжа, Петар Стоянович, Томи Хорват, Ян Гнезда-Черин, Томи Элшник, Жан Целар, Беньямин Шешко.

Қазақстан құрамасы: Игорь Шацкий, Нұралы ӘліпАлександр Марочкин, Сергей Малый, Ян Вороговский, Марат БыстровБахтиер Зайнутдинов, Асхат Тағыберген, Рамазан Оразов, Абат Айымбетов, Максим Самородов.

Матч Словенияның Любляна қаласында өтеді және Астана уақытымен 23:45-те басталады.