Лео Игита кешегі ойын туралы өз пікірін білдірді
Футзалдан Қазақстан құрамасының қақпашысы әрі капитаны Игита 2024 жылғы футзалдан әлем чемпионатының 1/8 финалында Португалияны 2:1 есебімен жеңгеннен кейін өз ойын білдірді, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
«Адамдар жарақаттар мен басқа да қиындықтар туралы білмейді... Біздің команданың ішінде көп мәселелер бар. Мәселе қарым-қатынаста емес, жарақаттарда. Бар күшін салғысы келген кейбір ойыншылар жарақаттың кесірінен қолынан келгенін жасай алмады. Кейбір ойыншылардың созылуы бар, кейбіреулердің жарақаты өте ауыр, бірақ олар бәрібір ойнап жүр. Бұл мен үшін баға жетпес нәрсе. Португалияны жеңу осындай жағдайда одан да тәтті болды деп ойлаймын», - деді Игита Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне берген сұқбатында.
Еске салайық, Қазақстан құрамасы қазіргі әлем чемпионы Португалияны сенсациялық түрде жеңді. Қазақстан құрамасының жеңісіне Шыңғыс Есенаманов пен Даурен Тұрсағұловтың соққан голдары себепкер болды. Келесі кезеңде ұлттық құрама Аргентина мен Хорватия арасындағы жеңімпазбен кездеседі.
-
14 қараша, 2024
Трамптың саяси триумфы: жаңа үкіметтің жоспары қандай?