Қазақстан әлем чемпионатының ширек финалында кіммен кездеседі? Anvar Ilyasov - FIFA/FIFA via Getty Images. Суретте: футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы

30 қыркүйекте қай құрама бізді күтіп тұр?

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2024 жылғы әлем чемпионатының ширек финалына шығып, 1/8 финалда әлемнің қазіргі чемпиондары Португалияны жеңді, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

Ойын 2:1 есебімен аяқталып, жеңіс голын Даурен Тұрсағұлов матчтың аяқталуына 14 секунд қалғанда соқты.

Ширек финалда Қазақстан құрамасы 30 қыркүйекте Ташкенттегі «Хумо Аренада» Аргентина мен Хорватия қай жеңгенімен кездеседі. Ойын сағат 20:00-де басталады.