Грекия чемпионаты Қазақстан біріншілігіне қарағанда мықтырақ – легионер fcqyzyljar.kz

Душан Йованчич Қазақстан чемпионаты туралы айтты

«Қызылжар» футбол клубының жаңа ойыншысы Душан Йованчич Sport Plus Qazaqstan-ға берген сұқбатында петропавлдық клубқа көшу туралы айтып, Грекия чемпионатын Қазақстанмен біріншілігімен салыстырды. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

– Душан, «Қызылжар» клубына трансферіңіз туралы айтып беріңізші?

– Бұл ауысуға екі тарап та қызығушылық танытты. Сондықтан біз клубтан ұсыныс түскеннен кейін бірден келістік. Бұл көп уақытты қажет етпеді.

–  «Астанада» сіз орталық қорғаушы рөлін жиі ойнадыңыз. Бұл позицияда ойнау сізге ыңғайсыздық тудырамай ма?

– Шынымды айтсам, маған бұл позиция ұнады. Мен өзімді орталық қорғаушы позициясында ыңғайсыз сезінемін деп айта алмаймын.

– Қазақстан чемпионатының деңгейі Грекия біріншілігімен салыстыруға келе ме?

– Грекия чемпионатындағы инфрақұрылым, стадион, жанкүйерлер мәселесі өте жақсы деңгейде. Жалпы, Грекия чемпионатында 4-5 мықты команда бар. Сондықтан Грекия чемпионаты Қазақстан біріншілігінен мықтырақ деп айта аламын.