"Астана" румыниялық клубтан айласын асыра ала ма? instagram.com/fca.astana

Бүгін, 14 тамызда «Астана» өз алаңында «Корвинулды» қабылдайды

Бүгін, 14 тамызда "Астана" футбол клубы УЕФА Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңінің қарымта матчында румыниялық "Корвинулмен" кездеседі, деп Dopmedia.kz хабарлайды.

Ойын Алматы қаласында сағат 19:00-де басталады. Кездесуді тікелей эфирде "Ел Арна" арнасы көрсетеді.

Бірінші матч Румынияда өтіп, "Астана" клубы 2:1 есебімен жеңіске жеткен болатын.

"Корвинул" мен "Астана" арасындағы матчтың жеңімпазы келесі кезеңде Шотландияның "Сент Миррен" немесе Норвегияның "Бранн" командаларының арасындағы ойынның жеңгенімен кездеседі.