«Манчестер Юнайтед» футбол клубының бас бапкері жұмыстан кетуі мүмкін
Англия Премьер-лигасының 6-шы туры аясында "Манчестер Юнайтед" командасы "Тоттенхэмге" 0:3 есебімен есе жіберді. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
Нәтижесінде, танымал британдық тілші Пирс Морган бұл қорытындыдан кейін "қалалықтардың" бас бапкері Эрик тен Хаг қызметін жақын арада босатуы мүмкін екенін мәлімдеді.
Саған бір көмегім тисін, Эрик...Сен "Юнайтедтан" келесі аптада кетесің. Алдымыздағы жылдың мамыр айына дейін қаламын деп ойлама,- деді Пирс.
Айта кетейік, Эрик тен Хаг "Манчестер Юнайтед" командасына 2022 жылдан бастап бапкерлік етеді.
-
27 қыркүйек, 2024
Қазақтардан жеңілген Роналдудың жерлестері жылап қайтты (видео)
-
27 қыркүйек, 2024
"Бұл Өзбекстан мен Бразилияның жеңісі": бас бапкер ерекше пікір білдірді
-
27 қыркүйек, 2024
Геннадий Головкин бас хатшысын тағайындады: ол кім? (фото)