Шымкентте кәмелетке толмаған есірткі сатушылар ұсталды Verbum

Олар әр бума үшін мың жарым теңге алып отырған

Жастардан «мефедронның» жүзден астам дозасы тәркіленіп, өздері уақытша ұстау изоляторына қамалды,- деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Кейінгі аптада республика бойынша есірткі өткізудің 16 фактісі анықталды. Заңсыз айналымнан 10 келі синтетика тәркіленді.

Есірткі қылмысы үшін қылмыстық жауапкершілік 16 жастан басталатынын ескертеміз. Ата-аналарды балаларына мұқият болуға шақырамыз, - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары.

    Көп оқылды: