Қап, әттеген-ай: Қазақ жігіттері Мессидің жерлестеріне есе жіберді KFF

Ұлттық құрама Аргентина командасына 6:1 есебімен ұтылды

Бүгін, 30-шы қыркүйек күні Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласында футзалдан Әлем чемпионатының жартылай финалында Қазақстан және Аргентина құрамалары бақ сынасты. Матч қарсылас команданың пайдасына аяқталды,-деп хабарлайды Dopmedia.kz 

Қазақстан үшін жалғыз гол соққан футзалист Дәурен Тұрсағұлов болып шықты. Жалпы голдар кестесі келесідей: 

Қазақстан – Аргентина 1:6 

Роза 22 (0:1);

Клаудино 27 (0:2);

Арриета с пенальти 29 (0:3);

Корсо 32 (0:4);

Турсагулов 34 (1:4);

Алемани 34 (1:5);

Арриета с пенальти 36 (1:6).

Енді, Аргентина құрамасы жартылай финалда Франция командасымен кездеседі.