«Құрлықта орналасқан мемлекетке жан түршігерлік саяхат» — британдық газета «Астана» - «Челси» ойыны жайында globallookpress.com

Конференциялар Лигасы аясында «Астана» командасы англиялық «Челсимен» кездеседі

Конференциялар Лигасының топтық кезеңінде ФК «Астана» командасы англиялық «Челсимен» кездеседі. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды. 

Осы орайда, британдық The Sun баспасы Қазақстанға қатысты пікір жариялады. 

«Челсиді» Қазақстанға апаратын жан түршігерлік саяхат күтіп тұр. Құрлықта орналасқан, теңізге шығатын жолы да жоқ елге 7000 шақырым жүріп бару керек. Елдің көп аумағы Орталық Азияда орналасқан»,- дейді таблоид. 
 

«The Sun» баспасының мәліметінше, «Челси» Қазақстанға 11 сағат ұшып бару керек. Олар сонымен қатар, 2019 жылғы «Манчестер Юнайтед» командасының «Астанаға» 1:2 есебімен есе жібергенін де атап өтті.