ҚР спорт және туризм вице-министрі Серік Жарасбаев ресми мәлімдеме жасады
«Астана» футбол клубы Конференция лигасының топтық кезеңіндегі 5-тур матчында Англияның «Челси» командасымен бақ сынайды. Бұл ойынның Алматыда өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Dopmedia.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.
ҚР Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаевтың sport12.kz сайтына берген мәліметіне сүйенсек, кездесу 12 желтоқсанда Алматы қаласында өтеді. Бұл уақытта «Астана Арена» стадионында жөндеу жұмыстары жүріп жатқандықтан, оларды жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.
Қазақстандық «Астана» клубы Конференция лигасындағы алғашқы жеңісін сербиялық «ТСЦ Бачка-Топола» командасын 1:0 есебімен жеңіп бастады, бірақ кейін валийлік «Нью-Сейнтс» клубынан 0:2 есебімен ұтылды. Келесі матчты «Астана» 7 қарашада Кипрде «Пафос» клубына қарсы өткізеді.
-
28 қазан, 2024
Мен нағыз алқаштан туған қызбын – танымал тиктокер (видео)
-
24 қазан, 2024
Оқушы қыздар мұғалімді аямай соққыға жықты (видео)