Оның айтуынша, келесі Олимпиадада алтын болады
2016 жылғы Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов неліктен бокста өзінен кейін Олимпиаданың алтын иегерлері шықпай жатқаны туралы айтты, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
"Иә, әрине Қазақстан тарихында бокстан соңғы екі Олимпиададан чемпион жоқ. Бірақ өмір деген алма-кезек. Боксшыларымыз жіберген қателіктерімен жұмыс істеп, келесі Олимпиадада жақсы нәтиже көрсетеді деген сенімдемін. Себебі өзім де кезінде Лондон Олимпиадасына қатысып, ширек финалда бесінші орын алдым. Екі жекпе-жек ұтып, үшіншісінде сүрінген едім. Содан кейін қателіктеріммен жұмыс істеп, чемпион болдым. Өмірде бәрі болады. Сондықтан Қазақстанда бокстан тағы да Олимпиаданың алтын иегерлері шығады деген үміттемін", - деді Данияр Елеусінов "Sport Plus Qazaqstan" сайтына берген сұқбатында.
Айта кетейік, 2021 жылы Токиода өткен Олимпиада ойындарында боксшыларымыз Сәкен Бибосынов пен Қамшыбек Қоңқабаев қола жүлде еншілеген болатын. Биыл Парижде өткен Олимпиадада қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай күміс медальге қол жеткізді.
-
14 қараша, 2024
Трамптың саяси триумфы: жаңа үкіметтің жоспары қандай?