Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатына дайындықты бастады.
Қазақстан бокс федерациясының хабарлауынша, қазан айында Түркістан облысындағы спорт базасында толық құраммен оқу-жаттығу жиыны өткізілуде, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай, Қарағандыда өткен мықтылар турнирінің жеңімпаздары Алуа Балқыбекова, Жазира Орақбаева, Әнел Сақыш және басқа аймақтардың боксшылары да қатысуда. Сонымен қатар, Үндістан құрамасы да осы жаттығуға қатысып жатыр.
Физикалық дайындыққа бағытталған бұл жиын аяқталған соң, Азия чемпионатына дейінгі соңғы дайындық кезеңі 13 қарашада Алматы облысында өтеді.
-
14 қараша, 2024
Трамптың саяси триумфы: жаңа үкіметтің жоспары қандай?