"Хуторский Хасанның" Шерзаттың өліміне қатысы жоқ Фото-коллаж kursiv.media сайтынан алынды

Дөп медиа

15 қазан, 2024

339

ІІМ бірінші орынбасары Бауыржан Әленов мәлімдеме жасады

ІІМ бірінші орынбасары Бауыржан Әленов желіде аты аталып жүрген Хасан Қасымбаевтың бұл қылмыстық іске ешқандай қатысы жоғын айтты, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

"Қылмыс болғаннан кейін полицияға шақыру түсті. Шақырту түскеннен кейін 8 минуттан соң полицейлер оқиға орынына келді. Төбелестің мән-жай толық зерттеліп, баға беріледі", - деді Бауыржан Әленов.

Журналист ІІМ бірінші орынбасарынан Хасан Қасымбаев бұл істе қандай статуста деп сұрады.

"Хасан Қасымбайдың бұл қылмыстық іске ешқандай қатысы жоқ", - деп жауап берді Әленов.