1 мылтық, 3 пышақ: Талғардағы іс бойынша жаңа деректер шықты pixabay.com

Талғардағы іс бойынша жаңа деректер шықты

Шерзат Болаттың қазасына қатысты қылмыстық іс бойынша 1 мылтық, 3 пышақ табылып, сараптама тағайындалды, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

"Қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттерінде хаттама бойынша үш пышақ алынды. Оқиға болған жерде тағы бір қару – мылтық болғаны туралы ақпарат болды. Сонымен үш пышақ, бір мылтық. Оның кімге тиесілі екені туралы қазіргі таңда ақпаратты сіздерге ашық бере алмаймын. Ол қазір анықталды. Сараптама тағайындалды, тергеу әрекеттері жүріп жатыр", - деді шкі істер министрінің тергеу департаменті басшысының орынбасары Самат Айысов