Алматыда жер сілкінісі болды: неше балл? NUR.KZ / Владимир Третьяков

Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезді

Алматыда бүгін түнде жер сілкінісі сезілді, - деп хабарлайды Dopmedia.kz.

ТЖМ мәліметінше, 17 қазанда сағат 03.23-те жер сілкінісі тіркелген. Эпицентрі Қытай аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде орналасқан.

"Алматы қаласында 2 балл болып сезілді. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, Алматы 9-10 балдық сейсмикалық аймақта орналасқан.

    Көп оқылды: