"7 көлік бірден соқтығысқан": Алматыда жүк көліктері жол апатына ұшырады (видео) Фото Sn.kz сайтынан алынды

Дөп медиа

17 қазан, 2024

232

Алматыда көлік апаты болды

Бүгін Алматының Алатау ауданында жаппай жол апаты болды – бірден жеті көлік соқтығысты, деп Dopmedia.kz ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жол апаты болған жерде түсірілген кадрлар Instagram-дағы 100baksoff_almaty парақшасында жарияланды. Видеодан жүк көліктерінің зақымдалғаны көрінеді.

Алматы ПД-ның баспасөз қызметінің мәліметінше, апат кеше сағат 15:30-да оңтүстік астананың Алатау ауданында болған – бірден жеті көлік соқтығысқан. Жол апатына ұшырағандар Солтүстік айналма жолымен бір бағытта қозғалғаны айтылған.