Шерзаттың әжесі сол күні болған оқиға туралы айтты
Талғар қаласында бір топ бұзақының қолынан қаза тапқан жасөспірім Шерзат Болаттың әжесі Жұмабике Нұрымова аталмыш мәселенің анық-қанығын айтты, деп Dopmedia.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Есеңгіреген күйі еңбектеп барып, телефонын алайын деп жатқан кезде Жұмабиек Нұрымова келінінің құлындаған даусын естіген.
“Көмектесіңдер, скорый, скорый” деп жатқанда артыма қарасам екі балам жерде құлап жатыр екен. Екеуі де өлді деген ой бірден келді. Мен сол жерде не болып кеткенін түсінбей кеттім. Не істеу керек екенін сол кезде түсіне алмадым. Себебі шок жағдайына түсіп кеттім”, – дейді жүрегі қан жылаған ана.
Сондай-ақ марқұм жасөспірімнің әжесі баласы Қаржаубай екеуі қазір келіспей жатқанын айтты.
-
6 қараша, 2024
Тойымыз 5 адаммен, құдалығымыз 6 адаммен өтті – Тамара Асар