Мадина Сәдуақасова өміріндегі өкінішті сәтін айтты
Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мадина Сәдуақасова Айқын Төлепбергеннің үйлену тойында жан сырын ақтарып, өзегін өртеген өкінішін айтты, деп жазады Dopmedia.kz.
Мадина Сәдуақасова Revue News бағдарламасында сұқбат беріп, өнердегі достары секілді тағы да бір мәрте үйлену тойын өткізгісі келетінін айтты. Алайда өнер иесі бұл қалауын жолдасы қолдамайтынын жеткізді.
"Менің ойымша бізде мұндай той болмайды. Үйде немесе шағын отбасымызбен тойлануы мүмкін. Бірақ мен әттең деймін. Өйткені мен осындай отырыстарды, мерекелік шараларды жақсы көремін. Барлық туыстарыңды, жақындарыңды, достарыңды жинап, у-шу болып тойлағанға не жетсін. Осындай кештер жасаған ұнайды маған. Қайтем енді?! 10 жылым бекер кетті. Ешқандай нәтиже алып келген жоқ. Сондықтан көндік", – деді әнші.
-
28 қазан, 2024
Мен нағыз алқаштан туған қызбын – танымал тиктокер (видео)