"Төреғали боқтағанда қайда қалдың?": ел Ақботаны сынға алды Фото-коллаж Alash.kz сайтынан алынды

Ақбота Керімбекова сынның астында қалды

Ақбота Керімбекова Мұрат Әбілдаға сын айтқан еді. Оқырмандар керісінше Ақботаның өзін сынның астында қалдырды, деп хабарлайды Dopmedia.kz. 

«Құрметті ағайын! “Көп толқытады, терең батырады” деген сөз қалдырған Қазақ халқы қандай дана дерсіз! Кешеден бері үздіксіз талқылауға түскен Үндеуіме ҚР Мәдениет және ақпарат министрі @aida_balayeva ханым жұмыс күні еместігіне қарамай мән беріп, хабарласып, жауабын берді. Өнерге, ән салуға, халыққа танылуға ешкім шектеу қоя алмайтынын жеткізген министр кәсіби сахнадағы келеңсіздіктердің алаңдатарлық жайт екенін айтып, таланттардың, дарындардың екінші үйі саналатын сахна мәдениетіне қатысты бұған дейін де заңдар қабылданғанын, қазіргі уақытта да жаңа заңдық нормативтер қаралып жатқанынын хабарлады. Менің жазбамның мақсаты — сахна айналасындағы олқылықтарды бірінші басшыға тікелей жеткізу болған еді, ол мақсатына жетті. Алдағы уақытта, нақты нәтижелер болып жатса, оны өзім сіздерге хабарлап, баяндап отыратын боламын. Менің бұл жазбаммен бар қисық түзеліп, бар кемшілік оңала кетпес, дей тұрғанмен осылай жан-жақтан жанашырлық таныта берсек, халық алмайтын қамал жоқ! Сосын тағы бір айтатыным, “Мұрат Әбділдадан сахнаны қызғанып жатырсың ба?”,-депті бір оқырмандарым… Іштей әбден күліп алып берер жауабым: әркім өз айналысып жүрген ісін, жасап жүрген жұмысын, еңбек етіп жатқан ордасының жай-күйіне алаңдауы, оның мәселелеріне бас қатыруы керек. Сахна — біздің жұмыс орынымыз. Мен өзім онда шығу үшін музыка мектебінде оқыдым, өнер академиясында кәсіби білім алдым, қанша сын-сараптан өттім, сөйтіп барып шыққан сахнам — ол! Неге мен оған бас ауыртпауым керек?! Ол жердің жайын мен айтпағанда кім айтады?! Жастардың бәрі бірден жұлдыз болып кете алмайды. Белгілі жырау Алмас Алматов айтқандай, өнерге бір күнде келгендер, бір күнде ұмытылып кете барды. Талай киінген-шешінген, ауызына келгенді аталағандарды көрдік. Сахнаның қасиеті сол, бір-ақ күнде ысырылып қалды ондайлар… Өзіміз де жеңіл жолмен келген жоқпыз. Қанша автордың ізінде жүріп ән іздедік, күндіз-түні ұйықтамай, 2,3 мың теңгеге тойға шығып, соның ақшасын құрап, ән жаздырдық. Өздеріңіз сүйіп тыңдайтын “Аппақ гүлдер” деген әннің аранжировкасын мен қарызға жасатқам. Кейін береміз деп мата сатып алып, содан өзіміз киім тігіп сахнаға шығатынбыз. Әндеріміз көркемдік кеңестің шешімімен ғана насихатталатын.

Сондай қарбаластардан өткесін де шығар, сахнадан 30 жыл бойы түспей келе жатқанымыз бар. Әлі де ізденеміз, жиған-тергенімізді концертке шашамыз. Міне, сондай еңбектерсіз танымалдылық жоқ. “Үппен келген, сүппен кетеді” деген бар. Халықтың алдына шығуға бәрінің құқығы бар. Тек, таланты, еңбегі, ізденісі болуы керек! Сондай болған жағдайда ғана біз жастарды қолдаймыз, демейміз, насихатын жасаймыз! Соны ескеріңіздер, халайыыық!», – деп жазған әнші.

    Көп оқылды: