«Шанс жоқ»: Зайнутдиновтың агенті футболшының болашағы жайлы айтты Фото ашық дереккөзден

Бақтиер Занйутдинов жаңа маусымда қайда ойнайды?

«Бешикташ» футбол клубының ойыншысы Бақтиер Зайнутдиновтың агенті Евгений Новиков қазақстандық футболшының болашағы туралы сөз қозғады. Ол 26 жастағы футболшының осы маусымда «Бешикташ» сапында өнер көрсететінін айтты, деп Dopmedia.kz тілшісі РБ Спорт порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

«Менің ойымша, Бақтиердің бұл маусымды «Бешикташта» бастамасқа мүмкіндігі жоқ. Клуб оған сенеді. Біз бұдан басқа ұсынысты қарастырып жатқан жоқпыз. Ал Ресей тарапынан болған ұсыныстар өз күшінде ме? Жақсы ойыншыларға әрдайым қызығушылық болатыны анық. Бірақ қазіргі уақытта Зайнутдинов алдағы маусымға, еурокубоктық ойындарға дайындалып жатыр», – деді футболшының агенті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Зенит» футбол клубы қазақстандық футболшы Бақтиер Зайнутдиновке қызығушылық танытқан болатын. Өткен маусымда 26 жастағы қазақстандық футболшы барлық турнирлерде 42 матчқа қатысып, екі гол соғып, бір нәтижелі пас берді.

Transfermarket порталында ұсынылған ақпаратқа сәйкес, футболшының нарықтық құны 5 миллион еуроға бағаланады.

    Көп оқылды: