Қарашадан бастап электр энергиясының тарифтері өседі
2024 жылдың 1 қарашасынан бастап Қазақстанның бірнеше өңірінде электр энергиясының шекті тарифтері артады, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
Тиісті бұйрықты 21 қазанда энергетика министрі бекіткен.
Тарифтердің өсуі келесі нысандарға қатысты:
1-топ: Екібастұз ГРЭС-1 – тариф 8,05 теңгеден 8,27 теңгеге дейін өседі;
2-топ: Еуразиялық энергетикалық корпорация – 7,40 теңгеден 7,98 теңгеге дейін;
9-топ: Астана-Энергия – 8,49 теңгеден 9,28 теңгеге дейін;
12-топ: «Алюминий Қазақстан» – 6,05 теңгеден 7,87 теңгеге дейін;
18-топ: Степногор ТЭЦ – 22,58 теңгеден 28,97 теңгеге дейін;
28-топ: Жаңажол ГТЭС – 11,44 теңгеден 11,85 теңгеге дейін;
39-топ: «З-Энергоорталық» – 13,79 теңгеден 15,09 теңгеге дейін;
48-топ: «ТНК Казхром» – 7,59 теңгеден 10,67 теңгеге дейін.
Сонымен қатар, 56-60 топтар бойынша да жаңа тарифтер белгіленді. Мысалы:
56-топ: 43,92 теңге;
57-топ: 56,63 теңге;
58-топ: 26,08 теңге;
59-топ: 22,56 теңге;
60-топ: 3,07 теңге.
Бұл тарифтерді қайта қарау Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы ақпанда коммуналдық қызмет тарифтерін бақылауға бағытталған тапсырмаларынан кейін қолға алынған.
-
28 қазан, 2024
Мен нағыз алқаштан туған қызбын – танымал тиктокер (видео)