Найманның қыздары бірбеткей, Шымкенттікілер сияқты емес – блогер (видео) Видеодан скриншот

Блогер желіде руға қатысты видео жариялады

Блогер Гаухар Көбенова желіге найман қыздары туралы видео жүктеп, елдің қызу талқысына түсті. Ол көпшілікке қазақ қыздарының руға қатысты мінезінің қандай болатынын тізіп берген, деп Dopmedia.kz тілшісі Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл туралы ол желідегі парақшасында мәлімдеді.

"Найман қыздар жалпы несімен ерекше? Неге осы найман қыздар десе, жігіттердің құлағы елең етіп, найманның қызын алғысы келіп тұрады. Өйткені, найман қыздардың қыздары, әйелі болсын өте бірбеткей болады. Оңтүстіктің, Шымкенттің қыздары сияқты иіліп тұра алмайды олар. Айтқанға көніп. Олардың өз ойы бар, өз пікірі бар. Айтатынын бетке айтады. Бірақ екіжүзділік жасамайды.

“Найманның қыздары пысық болады!» деген установка өмірімдегі ең дұрыс установка болған шығар! ”Пысық, пысық” дей берсе, ұялғаннан пысық болып кететін сияқтысың ғой жалпы. Көпшілігі менен: «Қай жақтың тумасыз?», – деп көп сұрайды! Соған әзіл жауап ретінде қабылдаңыздар!", – деді ол. 

Бұдан бөлек блогер өзінің шыққан тегіне де тоқтала кетті. 

"Иә, руым – НАЙМАН! Ішінде Байжігіт, Бұрымбет. Туған жерім шырайлы Шығыс! Тарбағатай ауданы, Жалши ауылында 1989 жылы дүниеге келгенмін! Балалық шағым Тарбағатай тауының арасында, кең жайлауда, қозы лақтың арасында, киіз үйде өтті! Сондықтан болар, әлі кунге дейін тау-тас десе жаным алып ұшып тұрады!

Руға бөліну менде жоқ! Жай Найман әпке сіңілдерімді бір марқайтып қояйын дегенім ғой! Әйтпесе, қазақтың әр қызы — ерекше, әрқайсысы мықты! Сіздер де “найман” құрбыларыңызға осы видеоны жіберіп мәз қылып қоя салыңыздар!", – деп жазды ол.

 

    Көп оқылды: