Әлімханұлы ауруханадан шықты Фото: ©Top Rank

Қазақстандық боксшы жағдайы жақсы екенін мәлімдеді

Салмақ қуу кезінде есінен танып, ауруханаға түсіп қалған Жәнібек Әлімханұлының жаңа зеландиялық боксшы Андрей Михайловичке қарсы 14 шілдеге жоспарланған жекпе-жегі өтпейтін болды,-деп хабарлайды dopmedia.kz

"Әр қиындық артында жеңілдік бар! Салмақ қуу барысындағы сынақты да бастан өткізіп жатырмыз, ағайын! Уайымдап жатқан жанашыр жанның бәріне көп рақмет! Аллаға шүкір, ауруханадан шықтық. Денсаулық бірінші орында! Ауырмаңыздар, жақындарыңыз ауырмасын. Біз жауынгерміз ғой, мұндай сынақтар бізді сындырмайды, шыңдайды! Бұйыртса әлі талай әлемге қазақ стилін көрсетеміз! Қолдауларыңызға рақмет!", - деп Әлімханұлы Instagram желісіндегі парақшасында жазды

 

    Көп оқылды: