"Қашып кеткен": Алматыда екі ер адам пышақтасқан (видео) Фото: Zakon.kz

Алматыда екі ер адам жанжалдасып, соңы пышақтасумен аяқталды

Әлеуметтік желіде оқиға орнынан түсірілген видео тарады. Желідегі мәліметке сенсек, оқиға Алмагүл ауданындағы Дунаевский көшесінде орналасқан 22/2 үйдің жанында болған, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

 Куәгерлердің айтуынша, зардап шеккен ер адам ауруханаға жеткізілген. Оқиға куәгерлері болжамды шабуылдаушының оқиға орнынан қашып кеткенін айтты.

Аталған оқиғаға қатысты Алматы қалалық ПД пікір білдірді.

«Бостандық аудандық полиция басқармасында дене жарақатын алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала мәліметтер бойынша, бейтаныс адамдар арасында жанжал болған. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталып жатыр», - делінген ПД хабарламасында.