Екі көріпкел 2025 жылы көпшілік күтпеген оқиға болатынын айтты
Әлемдегі ең танымал екі болжаушы – болгарлық көріпкел Ванга және француз астрологы Нострадамус әртүрлі дәуірде өмір сүргеніне қарамастан, 2025 жылы Еуропада соғыс болады деп бірдей болжады, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
«Әлемдегі ең атышулы және қорқынышты екі мистик 2025 жылға бірдей болжам жасады. Нострадамус та, Ванга да келесі жылы Еуропада соғыс болады деп мәлімдеген», – деп жазды Daily Mail басылым.
XVI ғасырда өмір сүрген француз астролог және дәрігер 2025 жылы «Еуропа жерлері» «қатыгез соғыстарға» қатысады деп болжап, «ежелгі оба жаулардан да жаман болады» деген.
Ванга өз кезегінде 2025 жылы Еуропадағы қақтығысқа алаңдаушылық білдірді, ол континент тұрғындарын «қиратады» дейді.
Ванга (толық аты-жөні – Вангелия Пандева Гуштерова) – 1911 жылы 31 қаңтарда қазіргі Солтүстік Македония Республикасының аумағында Струмицада дүниеге келген. 12 жасында ол дауылдың салдарынан соқыр болып, қызға «болашақты көру» қабілеті дарыған. Өзінен кейін көріпкел 5079 жылға дейін көптеген болжамдар қалдырды.
Басылымның жазуынша, 1996 жылы қайтыс болған болгар көріпкелінің көптеген болжамдары орындалды. Мысалы, Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс, Нью-Йорктегі 11 қыркүйектегі шабуылдар, коронавирустық пандемия және Чернобыль апаты.