Қаржы министрі волейбол федерациясының президенті сайланды
Алматыда өткен Қазақстан волейбол федерациясының сайлау конференциясында Мәди Тәкиев ұйымның жаңа президенті болып сайланды. Ол бұл қызметте Нұртай Әбіқаевты алмастырды, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
Мәди Такиев Қазақстан волейбол федерациясының бұрынғы президенті Нұртай Әбіқаевты алмастырып, федерацияны 2024-2028 жылдар аралығында басқаратын болады.
Жаңа басшы Мәди Такиев федерация делегаттарына көрсетілген сенімі үшін алғысын білдіріп, Нұртай Әбіқаевқа федерацияның құрметті президенті болуды және қадағалау кеңесін басқаруды ұсынды.
Сондай-ақ ол президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың елдегі спортты қаржыландыру саясатын қайта қарау жөніндегі тапсырмасын атап өтіп, жекеменшік демеушілер арнасын қалыптастыруға және Қазақстанның ең шалғай аудандарында бұқаралық спортты дамытуға назар аударды.
-
6 қараша, 2024
Тойымыз 5 адаммен, құдалығымыз 6 адаммен өтті – Тамара Асар