Будвада бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатында қазақ қыздары тамаша өнер көрсетіп жатыр. 12 салмақ дәрежесінің 9-ында отандық спортшылар ширек финалға жолдама алды, ал тағы 2 боксшы бүгін шаршы алаңға шығады.
Будва қаласында бокстан жастар арасындағы әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Қазақ қыздары өте сәтті өнер көрсетуде. Бас-аяғы 12 салмақ дәрежесі болса, оның 9-ында ширек финалға шығып үлгерді. Тағы 2 бұрымды боксшымыз бүгін жұдырықтасады. Осы тұрғыда жастар құрамасының бұрынғы аға бапкері, қазір әйелдер құрамасын жаттықтыратын Елдос Сайдалин өз пікірін білдірді.
«Мелдальға жақындаған сайын кездесулер қиын болады. Қыздарымыз еш аянып жатқан жоқ. Әрқайсысының жеңіске деген құштарлығы мықты. Құраманың аға бапкері Жангелді Ахметов жақсы дайындап әкелген. Өте қуаныштымын. Арнайы келіп, сол кісіге көмектесіп, бір команда болғаннан кейін қазақ елі үшін еңбек етіп жатырмыз. Әлем чемпионаты - қыздар үшін маңызды жарыс. Оған жай қатысу үшін емес, топ жару үшін келеді. Егер осында жақсы өнер көрсетіп жатса, бірден ересектер арасындағы ұлттық құрамаға қабылдаймыз. Жалпы командалық есепте бірінші орын алуға мүмкіндігіміз бар» - деді Елдос Сайдалин.
Будва қаласындағы әлем чемпионаты 4 қарашаға дейін жалғасады.
-
14 қараша, 2024
Трамптың саяси триумфы: жаңа үкіметтің жоспары қандай?