Сиви Махмудидің жұбайының екінші әйелі болғаны туралы айтты
Танымал әнші Сиви Махмуди экс жұбайына қатысты тың деректі бөлісті. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Өнер иесі бұрынғы жолдасына қатысты жаңалықтардан кейін Анна Данченкоға сұқбат берді.
"Ол кісіні 21 жасымда көріп, 23 жасымда тұрмысқа шықтым. Ол 26 жаста болатын. Негізі ата-ананың батасы баласы үшін өте маңызды екен. Ата-анам осы жігітке тұрмысқа шығуыма қарсы болды. Біздің басымыздан түрлі сынақ өтті. Тіпті, кино түсіруді де ойлаймын. Қыз бен жігіт болып жүреміз, маған сырға салынады, одан кейін той күнін белгілейміз. Тойға бірнеше күн қалған кезде сырға салу рәсіміне қатысқан алыс туыстарының бірі менің әкеме келіп, болашақ күйеу баласының бұрын үйленгенін айтады. Мұны естіген әкем таңғалды. Мені шақырып, үйде қырғын болды. Әкем менен "сенің тұрмысқа шығайын деп отырған жігітің бұрын үйленген екен, білетін бе едің?" деп сұрады. Ал мен хабарсызбын. Мен қалай сонша уақыт сезбегенмін деп таңғалдым. Ол да пысық, мақсатына жатып алған. Сөйтіп өзінен сұрағанда ол әкемнің алдына бар дәлелін жинап келіпті. Оның ажырасқанын дәлелдейтін АХАЖ қағаздарын алып келген, сол кезде оның бірінші некесінен бір қызы бар екені белгілі болды. Былтыр бір танысым оның тағы да шаңырақ көтергенін жіберіпті. Бақыт тілеймін. Үшінші құрған шаңырағы құтты болсын. Ажырасқан екі баласы бар әйелмен бірге тұрады екен”, – деді әнші.
Өнер иесінің сөзінше, экс жолдасы қандай кедергілер болса да, сүйіктісіне қол жеткізуді көздеген.
“Содан әкем "той болмайды" деді. Сырға салынып қойса да, барлық туысқан біледі. Мені Алла осы күйеуіммен сынаған секілді. Ата-анамның алдында ұятқа қалғандықтан мен әкемнің шешімімен келісіп, "осымен бәрі бітті" деп жүремін. Әкем де, мен де оған “жолама” деп ескерттік. Бірақ ол соңына дейін артымнан қалған жоқ. Күнде үйдің алдына келіп алатын, қонатын, маған қоңырау шалып, терезеден қарауымды сұрап, жалынатын. Мен қарап тұрған кезде дәрі ішіп, түрлі концерт қоятын еді. Осылай жүріп үйленгеннен кейін ол бірден босаңсып кетті. Мені сыртымнан құлыптап кетеді де, өзі таңға дейін қыдыратын. Отбасы мен балаларының жауапкершілігін сезінген жоқ. Мен қиналып, интернатта жатып оқыдым, балалар да солай өседі" дейтін. Енем де “Мен бала бақпаймын” деді. Құдалар секілді ата-анаммен де араласқан жоқ”, – деді Сиви.
-
14 қараша, 2024
Трамптың саяси триумфы: жаңа үкіметтің жоспары қандай?