«Барыста» қазақстандық хоккейшілер ғана ойнайды

Бәрімізге белгілі қазір «Барыс» командасында үлкен өзгерістер болып жатыр. Ұзақ жылдар тапжылмай отырған бас директоры Борис Иванищев жуырда отставкаға кетті.

 Астаналық «Барыс» хоккей клубында тек қана жергілікті, яғни, қазақстандық ойыншылар ғана өнер көрсетеді. Бұл жөнінде «Курсив» басылымы ҚР Туризм және спорт минисрлігіне сілтеме жасап мәлімдеді. Әріптестеріміз құзырлы ведмоствоға хат жолдаған екен. Оның жауабында елордалық команда жақын болашақта барлық шетелдік ойыншылапрмен қош айтысып, өзіміздің жігіттерге ғана бмүмкіндік беретінін, сәйкесінше, нәтижеге жауапкершілікті де солар алатынын жеткізді.

«Командада тек қана қазақстандық хоккейшілерді қалдыруға басымдық беріліп жатыр. Сәйкесіншке, шетелдік ойыншылар кетеді. Бірақ, ол бірден жүзеге аспайды. Өзіндік реттілігі бар. Тіпті, бірнеше маусымға созылуы мүмкін. Қалай болғанда да, алдағы уақытта командада жергілікті ойыншылар ғана өнер көрсетеді және жалпы нәтижеге жауапкершілік те солар алуы қажет» - делінген ҚР СТМ таратқан хабарламада.

Бәрімізге белгілі қазір «Барыс» командасында үлкен өзгерістер болып жатыр. Ұзақ жылдар тапжылмай отырған бас директоры Борис Иванищев жуырда отставкаға кетті. Оның орнына Нұрлан Оразбаев тағайындалды. Ал, бас бапкер қызметіне Ғалым Мәмбетәлиев келді. Ол бірден командадағы бірнеше легионермен қош айтысты. Сәйкесінше, кейінгі ойындарға жергілікті ойыншыларды көбірек шығарып жүр.