Бензин бағасының әсерінен азық-түлік қымбаттай ма?
Бензин бағасы қымбаттай ма? Қымбаттаса, тауарлардың бағасына әсерін тоқтату жөнінде жоспарлар бар ма? Бұл сұрақ Мәжіліс кулуарында бүгін премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғаринге қойылды, деп Dopmedia.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Сенбі күні инфлцияға байланысты үлкен жиналыс өткіземіз. Азық-түлік тауарлары бағасының төмендеуі жағынан Қазақстан қазір екінші орында. Армения мен Қазақстанда бұл мөлшер 2,9 пайыз. Ал басқа тауарлар мен қызметтер бағасы өсті. Сол себепті сенбі күні үкіметте талқы өткізіп, қандай факторлар инфляцияға әсер ететінін қараймыз. Біздің алдымызда тұрған тапсырма – инфляция 8 пайыздан аспауы керек.
Мен бензин бағасы өседі деп ақпарат берген жоқпын. Өз тәжірибемнен айтайын, бензин бағасы азық-түлікке көп әсер етпейді. Себебі азық-түлік бағасына тасымалдау кезінде әсер ететіні – дизель отыны. Дизель отынының бағасы өссе, өз әсерін береді. Дизель отынының әсері де 5-7 пайызға дизель отыны көп әсер еткен жоқ, – дейді вице-премьер кулуарда.