"Балалар әкесінің сотталып кеткенін біледі": блогер бала тәрбиесі туралы айтты instagram.com/dana_yesseyeva

Танымал блогер бала тәрбиесіне қатысты ойын айтты

Қаржы пирамидасын жарнамалағаны үшін істі болған Мейіржан Төребаевтың жары, блогер Дана Есеева балаларын жалғыз өзі қалай тәрбиелеп жатқанын айтты. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Блогер келіншек Виктория Новичковаға сұхбат беріп, бес баласына жалғыз өзі қалай тәрбиелеп жатқанын айтты. 

“Жағдай қалай болды, бүкпесіз бәрін айтып бердім. Балаларым қазір 4-14 жас аралығында. Мен оларға ашық түсіндірдім. Сол үшін де анамын. Дәл қазірге кезеңде олармен көбірек әңгімелесуім керек. Ешкімді алдаған жоқпыз. Қандай да бір іссапарға кетті деп өтірік айтпадық. Біріншіден, оның сотталғаны туралы бүкіл жерде айтылды ғой. Балалар да Тик-токта отырады. Тиктокта әдейі сол бағытта науқан жүріп жатқан. Хейт көп болды, видеолар көп салынды. Сол себепті балалар бәрібір сол видеоларды көретін еді", – деді көпбалалы ана.