Әскерге шақыру жасы өзгере ме? GOV.KZ

Мәдениет және ақпарат министрлігі жауап берді

Қазақстанның заңнамасына сәйкес келмегендіктен, «Мерзімді қызметке шақыру жасын көтеру туралы» петиция 7 қазанда қабылданбай, кері қайтарылды. Ведомство Tengrinews редакцияның сұрауына жауап беріп, петицияның қорғаныс мәселелерін қамтымау қажеттігін түсіндірді, себебі бұл ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарына сәйкес келмейді,-деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі

Сондай-ақ, министрлік ePetition платформасында өтініш беру кезінде манипуляциядан қорғау тетіктерінің қалай жұмыс істейтініне қатысты ақпарат ұсынды.

«Қорғау жүйесі «бір адам – бір дауыс» қағидатына негізделген және петицияларға электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы қол қою талап етіледі. Бұл қайталама дауыс беруге жол бермейді және барлық азаматтардың тең дәрежеде қатысуын қамтамасыз етеді. ЭЦҚ-ның әрбірі тексеруден өтеді», – деп түсіндірді ведомство.

 

    Көп оқылды: