Ол домбыраны қолға алғалы өзге аспаптарды ұмытқан екен
50 жастағы америкалық азамат Джефф Герш "Нәр ағашы" атты халық күйін бір-ақ күнде үйреніп алған. Джефф "Таңшолпан" бағдарламасына берген сұқбатында алдағы уақытта өзге де қазақтың ұлттық аспаптарын меңгергісі келетінін жеткізді, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
Бағдарлама ақпараты бойынша, 50 жастағы Джефф есімді музыкант екі жылдан бері қазақ мәдениетіне қызығушылық танытып жүр. Шетелдік өнерпаз "Балбырауын" күйін 2 аптада меңгерсе, халық күйі "Нәр ағашын" бір-ақ күнде үйреніп алған.
"Алғаш "Адай" күйін әлеуметтік желіден тыңдадым. Маған қатты ұнады. Үйренем деп алдыма мақсат қойдым. Міне, меңгеріп те алдым. Алдағы уақытта барлық күйді тартуды үйреніп, олардың тарихын білгім келеді. Айтпақшы, қазақ тілін үйренуге де ден қойдым", - дейді Джефф Герш.