Депутат Ринат Зайытов неліктен министрлерге шүйлікті? Фото: parlam.kz

Ринат Зайытов Үкімет басшысына сауал тастап, министрлерге шүйлікті

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ринат Зайытов Үкімет басшысы Олжас Бектеновке сауал тастап, президенттің тапсырмасының неліктен орындалмай жатқанын сұрады, деп Dopmedia.kz тілшісі Malim.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жалпы министрлер кабинетінде мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 400 жайлы мектеп салынуы керек еді. Оның саны 369-ға түсіп, 157-не әлі ақша жоқ болып отыр. 2024 жылдың сәуірінен бастап ең төменгі жалақы 85 мың теңге мөлшерін ұлғайту керек еді. Бұл да мемлекет басшысының тапсырмасы. Кеше экономика министрінің айтуынша, қозғалыстар жоқ. 2025 жылға дейін 95 пайыз жергілікті жолдардың бәрі жөнделуі керек еді. Бұл да іске асуы неғайбыл екеніне келісетін шығарсыздар. Тағысын тағы. Жетіп жатыр. Елге берген, бізге берген уәделерді айтып, ешкімнің бетін қызартпай-ақ қояйын. Осы орайда сұрақ: министрлер кабинетінде сөздің бәтуасының болмауының себебі неде? Сіздің осының алдын алу үшін қандай жоспарыңыз бар? – деп сұрады Ринат Зайытов.

Ал Олжас Бектенов Үкіметтің жұмысы – мемлекет басшысының тапсырмасын орындауға бағытталғанын айтты. Бюджетті қараған кезде 32 трлн теңгеге өтінімдер түсті. Бірақ қолымызда бар қаражат 15-ақ трлн теңге деп отыр. Қолымыз байлаулы, осы ақшаның шеңберінде жұмыс істеп жатырмыз деп ақталды.

 

    Көп оқылды: