«Қазақстан барысына» 3 бөлмелі пәтер мен темір тұлпар табысталды
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев "Қазақстан барысы" турнирінің жеңімпазы Ерасыл Қажыбаев пен жарыстың қола жүлдегері Саят Шәмшиевті марапаттады. Бұл туралы Dopmedia.kz облыс әкімдігінің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
"Мен бұл турнирге алтыншы рет қатысып отырмын. Көп дайындалдық, жеңісті Абай облысына алып келу үлкен мәртебе. Жеңісімді туған жеріме, жерлестеріме арнаймын. Алдағы жылғы жарысқа да тыңғылықты дайындаламын", - деді Ерасыл Қажыбаев.
Ерасыл Қажыбаев дзюдодан кадеттер мен жастар арасындағы Қазақстан чемпионаттарында жүлдегер атанған, Джакартадағы 2018 жылғы Азия ойындарындағы командалық жарыстардың күміс жүлдегері, сондай-ақ 2017 жылы самбодан Азия чемпионы және 2016 жылы әлем чемпионатының қола жүлдегері.
-
14 қараша, 2024
Трамптың саяси триумфы: жаңа үкіметтің жоспары қандай?