Қандай пәндер мектептен алынып тасталуы мүмкін?
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев «мектептен кейбір пәндер алынып тастала ма» деген сұраққа жауап берді, деп Dopmedia.kz тілшісі Qaz365.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Қоғамда ата-аналар, кәсіби педагогтар ортасы да мектепте кейбір пәндер алынып тасталуы керек деген пікірді айтады. Бұл жөнінде министрдің өзінен сұралды.
«Ата-аналар артық деп санады екен деп, кейбір пәндер алынып тасталмайды. Бірден айтайын. Қазір ғалымдар, мамандар талқылап жатыр. Өйткені жалпы баланың негізгі әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті болып қалыптасуы үшін баланың жан-жақты білімді болуы маңызды. Сондықтан, бұл жерде үлкен ғылыми көзқараспен келуі керек деп есептеймін», - дейді Ғани Бейсембаев Мәжілісте.
Мәжіліс депутаты Жұлдыз Досбергенқызын да сөзге тартқан едік. Депутаттың айтуынша, білім стандартын қайта қарау керек.
«Қазіргі таңда жоғары сыныпта 16 пән оқытылады. Оның ішінде 6 пәннен ҰБТ, 5 пәннен мектепте емтихан тапсырады. Көпшілік мектепте оқыған пәндердің мазмұны ҰБТ-да кездеспейді деп айтады. Бұл нені көрсетеді. Яғни, стандартты қайта қарау керек. Менің ойымша, бала оқыған білімін өмірде қолдана алу қажет. Стандарт соған жауап беру керек», - деді депутат.
-
28 қазан, 2024
Мен нағыз алқаштан туған қызбын – танымал тиктокер (видео)