Депутат бюджет жобасын қолдап дауыс беру себебін айтты
Депутат Айдарбек Қожаназаров Мәжілісте бір жарым ай талқыланған республикалық бюджет жобасын сынағанымен, қолдап дауыс бергенін айтты. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Депутаттың айтуынша, мақсат жобаны қабылдатпай тастау емес, қанағаттанбай тұрған тұстарын айтып, өзгеріс енгізу.
"Сынасаң, қолдамау керек деген мәселе тұрған жоқ бұл жерде. Бүкіл партиялар жобаны сынап, бекітпей қойса, мемлекеттік мекемеде жұмыс істейтін дәрігерлер, мұғалімдер жалақы ала алмай қалады. Депутат ретінде біздің жұмысымыз оны бекітпей, кедергі жасау емес. Қанағаттанбай отырған мәселелерді көтеріп, оларды үкіметке жеткізу. Біздің қанағаттанбай отырған сұрақтарымыз басында 20-30 сұрақ болды. Бізге үкіметтен "қолдасаңдар, қолдайсыңдар, қолдамасаңдар да, қолдайсыңдар" деген көзқарас болған жоқ.
Парламент пен үкіметтің жұмыс барысы ондай емес. Үкімет мүшелері бізге келіп, сол сұрақтарды талқылап, жауап берді. "Мына сұрақтарды шештік, ал мыналарын шешу қолымыздан келмейді" деп айтты. Біздің ұсыныстарымыздың ішінде енгізілгендері көп болды. Біз қанағаттанбаған дүниелерімізді айтып, үкімет әрі қарай жұмысын істеуі үшін бюджет жобасын бекітіп бердік", - деді ол.
-
6 қараша, 2024
Тойымыз 5 адаммен, құдалығымыз 6 адаммен өтті – Тамара Асар