Шавкат Рахмоновтың қарсыласы неліктен кездесуден бас тартты? Фото: Getty images

Шавкат Рахмоновтың қарсыласы бұл жағдай бойынша пікір білдірді

Америкалық файтер Белал Мухаммад қазақстандық Шавкат Рахмоновқа қарсы жартылай орта салмақтағы UFC-дің титулдық жекпе-жегінің өтпейтіні туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

«Аяғымдағы сүйекке инфекция түсіп қалды. Келесі алты апта бойы физикалық белсенділіксіз болу үшін қан тамырлары арқылы антибиотиктер қабылдауға арналған инъекция жасатуға тура келді. Алланың жоспары – ең жақсы жоспар. Мен жекпе-жекке шыққым келді. Мен жақында ораламын, Ин Ша Аллах», – деп жазды Мухаммад әлеуметтік желідегі парақшасында.

Жекпе-жек 7 желтоқсанда Лас-Вегаста өтуі тиіс еді, бірақ кездесу өтпейтін болды.