Өзбекстан құрамасының бас бапкері жауап берді
Бокстан Өзбекстан командасының бас жаттықтырушысы Толқын Қылышев YouTube желісіндегі "Уақыт көрсетеді" арнасына берген сұқбатында шәкірттерінің Олимпиададағы жетістіктері туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
"Олимпиадада бес алтынға ие болдық... Қолынан келмегендер әр нәрсені айтып жатыр. Не деп айтқысы келетінін білмейді. Амал жоқ, осылай деп айтады. Егер өздері чемпион болса, олардың жеңімпаз болғаны есептеледі де, біздікі есептелмей ме?!
Біз жеті алтын аламыз деп күш салдық. Біздің жеті баламызға қазіргі уақытта әлемде тең келер мықты жоқ деп нық сеніммен айта аламын. Кез келгеніне жауап беремін. Жарысты орта жолдан аяқтаған Руслан мен Турабек те жеңіске лайық еді. Тіпті біз жеті алтын медаль алатын едік. Мен осы уақытқа дейін бұл нәрсені айтып келдім.
Қазақстанның блогерлері де: "Толқын бес алтын аламын деп жатыр", – деп күлген еді. Мен бес емес, жеті алтын алғым келді. Бірақ бес алтын еншіледік. Мен қатты кетіп отырған жоқпын, тек ішімдегі дүниені айттым", – деді Толқын Қылышев.
-
27 қыркүйек, 2024
Қазақтардан жеңілген Роналдудың жерлестері жылап қайтты (видео)
-
27 қыркүйек, 2024
"Бұл Өзбекстан мен Бразилияның жеңісі": бас бапкер ерекше пікір білдірді
-
27 қыркүйек, 2024
Геннадий Головкин бас хатшысын тағайындады: ол кім? (фото)